06.03.2024
Облыстық семинары өтті
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»












«Гончарлық шеңбер» әдісі.
Осы төрт түліктен алынған қымыз, шұбат, сүт сусындарын ата- бабаларымыз қыштан жасалған құмыраларда сақтаған. Сүтті ыссы күйінде құйса, көпке дейін ыссы болып тұрған. Сусындар ашып, бұзылып кетпес үшін құмыраға құйып, жертөлелерде сақтайтын болған. Осы ата-бабаларымыздан келе жатқан өнерді бүлдіршіндеріміздің бойына сіңіре отырып, ұлттық құндылықты дәріптеу болып табылады.
Бүгін біз сіздермен гончар шеңбері арқылы құмыра жасаймыз. Құмыра жасау үшін біз көбінесе ақ сазбалшықты қолданамыз. Бұл сазбалшықтар көпқолданбалы. Алдарыңызда тұрған жұмыстар балалардың жасаған жұмыстары. Құмыра жасау үшін алдымен сазбалшықты умаждап біркелкі қылып аламыз. Ол суды көп қажет ететін болғандықтан, үнемі сулап отырамыз. Сазбалшықты біркелкі қылып алып, гончар шеңберіне жақсылап бекітеміз, жылжып кетпеуі керек. Сосын екі алақанды біріктіре отырып дөңгелетіп көтеріп аламыз, сұқ саусағымызды ортасына салып құмыраның мойнын жасаймыз. Құмыраны әртүрлі пішінде етіп жасауға болады. Құмыраны бір күн кептіреміз, сосын барып қалауыңыз бойынша бояп, әсемдеуге болады. «Гончарлық шеңбер» әдісі саусақ қол маторикасын, ойлауын, тепе-теңдікті сақтауды үйретеді. Сазбалшықпен жұмыс жасағанда барлық уайым-қайғыңды ұмытып кетесің.
«Кинусайга»әдісі
Мақсаты: Кинусайга әдісімен таныстыру және өз білгенімен бөлісу. Кинусайга әдісін декоративті панноны жасауды үйрету.
Балалар ұлттық құндылықтарымызды ешқашан ұмытпау керекпіз. Мысалы балалар мына жіп жүннен жасалған, ал жіптің өзі ары қарай матаға айналған.Біздің шебер әжелеріміз,апаларымыз осы маталардан әртүрлі құрақ көрпе жасаған. Бүгін мен сендерге ескіні жаңарту арқылы Кинусайга әдісін ұсынамын.Алдарыңда төрт бөліктен тұратын құрақ шай көрпесі кинусайга әдісімен жасалған, оны құрастыру ретінде де, ойнауға болады.Бұл әдіс ересек топ балаларға арналған.
Осындай әдемі заттарды жасау үшін бізге пенаплекс, бастырылған сурет,мата қиындылары және ермексазға арналған таяқшасы қажет болады. Балалар, мен сендерге пенаплекске суреттерді бастырып әкелдім. Осы суреттердің сызықтарының тереңдігі 2-3миллиметр болатын ойықтар кесіледі.Осыдан кейін, сол суреттің көмегімен маталардан қиындылар кесіліп, матаның шеттері ойықтарға итеріліп бастырылады. Баланың өз ойымен суретті мата қиындылармен толтырып үйреніп және жақсы әсер алады. Кинусайға әдісі бұл тәрбие процесінде қолдануға болатын, шығармашылыққа тәрбиелейтін және эстетикалық талғамын жақсартады.
Осылайша ескі мата жыртастары, жаңа өмірге ие болады.Бұл әдіс бірнеше ғасыр бұрын пайда болды, бірақ кинусайга шығармашылықтың бір түрі ретінде 1987жылы жас жапон шебері Маэно Такаши керемет жібек картиналарын жасай бастаған кезде пайда болды.
Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі — қолөнері, оның ішінде — ши тоқу.
Ши тоқу (орау)— бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін кеңінен пайдаланып келеді.
Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үй ішіндегі ыдыс-аяқ, ошақ басын қоршай қоюға әр түрлі үй шаруашылық мүддесіне кеңінен пайдаланылады.
Қазақ халқының қолөнері саласында ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады.
Ши сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады.
Атап айтқанда, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік т. б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады. Ал өн бойы тұтас емес әр жерінен аралатып оралған шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.Бұл да ши сияқты сәндік жиһаздарының бірі.
Тоқылатын шиді мал баспаған жерден ши өсіп жетілген кезінде тартып (суырып) алады. Шиді таңертең немесе жаңбырдан кейін тартады, мұндай кезде шидің түбі жібіп суырылғыш болады. Тартып әкелген шидің бәрі түгелдей тоқуға жарамайды, сондықтан олардың жарамдысын іріктеп алады, қабығын аршиды, содан кейін көлеңке жерге қойып келтіреді.
Ши ораудың екі түрі бар.
Біріншісі — тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау;
Екіншісі — жаңа өрнек сүретінің үлгісімен тоқу.
Шиді бірінші түрмен тоқу үшін оларды бір-бірлеп тоқылған даяр шидің өрнегінің үстіне салып, дәл келтіріп, әр түсті оралған шидің буындарын санап отырып орайды. Осылай ораған шилерді араласып кетпеу үшін өрнегіне сәйкес келтіріп, өз алдына бөлектеп шуда жіппен тізіп отыру керек.
Шиді жаңа өрнек суретімен тоқудың айтарлықтай өзгешелігі болады; алдымен шиді орайтын үлгі жасалуы тиіс. Орайтын жіптердің түсі осы үлгідегі өрнектер суретте сәйкес болуы керек. Шидің бір шеті жұқа , екінші жағы қалың болып кетпеуі үшін орайтын шидің түп жағымен шашақ жағын үнемі кезектестіріп, алмастырып салып отыру керек.
Станок (сырық) дайын болған соң, тас салмаға оралған жіптердің арасын 10—15 см етіп жалпы саны ши талының ұзындығына байланысты арқалыққа көлденең асады. Содан соң бірінші шиді жіп үстіне салып салмалы әрлі-берлі айқастыру арқылы шалып бастырады. Осылай көлденең сырықтың үстіне салынған ши бастан-аяқ тоқылғаннан кейін екіншісі салынады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады.
Тоқылатын шидің екі шеті берік болу үшін шидің бас жағы мен аяқталатын жақ шетіне үш-төрт шиді қабаттан, әуелі өз алдына бір рет, ширатылған жүн жіппен айқастыра үшбұрыштардың тізбегі сияқты етіп байланыстырады.
Бұл жерді шидің «алақаны» деп атайды. Шиді баулау үшін қарақұсқа бекітілетін бауды «шибау» дейді. Тоқылып болған шидің бас аяғын тегістеп қырқады, кейбір шеберлер осы қырқылған шидің екі жақ шетін әдемі матамен көмкеріп тігеді.
Міне,бұл қазақ халқының ертеден келе жатқан қолөнерінің бір түрі. Қазақ халқында көптеген қолөнер түрлері болған. Олардың әрқсының өзіндік ерекшеліктері мен қиыншылықтары бар. Халқымыздың салт-дәстүрлері мен қолөнерін сақтау және оны дамыту біздің қолымызда.
Заманауи Витражды бояулармен кескіндеме
Витраж (фр. vitre, лат. vitrum — шыны) —түрлі-түсті әйнектерден жасалатын ою-өрнекті немесе сюжетті-декоративті композиция. Әдетте, терезеге, есікке, арқалық қабырғаға дербес панно түрінде салынады. Витраж түрлі-түсті шыны арқылы өтетін жарық сәулелерінің құбылуы арқылы интерьерге көркем түр береді.Витраж Қазақстанда 20 ғ-дың 60 — 70 жылдары қоғамдық ғимараттар, театр, кафе, бар, мектеп, кинотеатрлардың интерьерлері мен экстерьерлерін безендіру арқылы белгілі бола бастады.
-Бүгінгі күні бірнеше түрлі дәстүрлі емес сурет техникалары балабақшаларда қолданылады.Соның ішінде бүгін сіздерге ұсынатын жаңа әдіс –витражды бояулармен сурет саламыз. Ең қарапайым және ең әмбебап — контурды қолдану және жеке аймақтарды толтыру.
Шыныға және стаканға сурет салу:
Процесті бірнеше кезеңге бөлуге болады:
—Біріншіден, стаканың беті майсыз,құрғақ болуы шарт;
—контур жұмысын одан әрі жалғастырады, содан кейін бояулардың таралуына жол бермейді және дәстүрлі витражды техниканың әсерін жасайды;
—контурдың кептірілгеннен кейін, нәтижесінде пайда болатын суреттің жеке бөліктерін бояуға болады;
Тіпті сурет сала алмайтындар да әйнекте сурет сала алады. Егер сіз әйнекке сурет салу үшін трафареттерді қолдансаңыз, сызбалар біркелкі және ұқыпты болады.
кез келген шыны ыдыс бояуға жарамды. Сіз тіпті қарапайым литрлік және екі литрлік банкаларда аздап жаттыға аласыз.
-Олай болса дайын сызбаны алып, біз қағазды ыдыстың ішіне орналастырамыз. Ақырын түзетіп, контурдың көмегімен әйнекке ою-өрнек саламыз. Содан кейін біз әр бөлшекті бояумен толтырамыз. Мұнда тек екі түс қажет: қызыл және жасыл.
Витражды бояумен қағаз бетіне бояу
-Ал, енді алдарыңда тұрған оюдың нобайын витраж техникасына салып орындайык. Астына дайын суретті қойып, үстіне ламинат немесе файл құралын пайдалануға боладыы,бұл тәсіл балабақша балаларының қауіпсіздігі үшін ынғайлы,алдымен қара бояумен контурын сызып шығамыз. Бояу кепкен соң ішкі бөлігін бояимыз (Жай классикалық музыка ойнап тұрады)
Витражды кескіндеме – балабақшаны безендіру
Біз сіздерге тамаша идеяларды ұсынамыз, сіз балабақшаны сәндеуге және оны керемет қып жасай аласыз.
Витраждар — дәстүрлі кенептер мен панельдерге жақсы балама. Сурет ретінде үлкен гүлдер, пейзаждар мен пейзаждар таңдауға болады.
Семинар сәтінің көріністері





